Жаңалықтар
1 мин оқу 243

Ұлттық комиссияның отырысы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ақордада Президент Әкім­шілігінің Басшысы Кәрім Мәсі­мовтің төрағалығымен өткен Ұлт­тық комиссия отырысында «А» корпусының кадр резервіне іріктеу тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша «А» корпу­сының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды, тест тапсырмалары лауазымдарға байланысты дифференцияланды. Қазіргі уақытта қосымша қажеттіліктің бар екендігін ескере отырып, Ұлттық комиссия «А» корпусының резервіне тағы 100 адамды іріктеуден өткізу жөнінде шешім қабылдады. Іріктеу туралы тиісті хабарландыру келесі аптада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бөлісу:
Ұлттық комиссияның отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар