Әлем
1 мин оқу 221
Жол апатынан 53 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Мексикада жүк көлігі жол апатына ұшырап, қайғылы оқиға салдарынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мексиканың оңтүстік-шығысында болған жол апатында мерт болғандардың барлығы мигранттар екені анықталды.
«Мигранттарды тасымалдайтын көліктің Чиапас штатының Тустла-Гутеррес қаласында аударылуы нәтижесінде кем дегенде 53 адам қайтыс болып, 58 адам жарақат алды», деп хабарлады Чиапас азаматтық қорғаныс қызметінің бас директоры Луис Мануэль Гарсия ел басылымдарына берген түсіндірмесінде.
Бөлісу: