Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 395

Шарипова әлемді таң қалдырғысы келеді - WBC

<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлор арасындағы шайқас туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Шарипова әлемді таң қалдырғысы келеді - WBC

«Фируза Шарипова әлемдегі кәсіпқой бокс мамандары мен жанкүйерлерді таң қалдырғысы келеді. Ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің жаңа абсолютті чемпионы болудан үмітті», деп жазды ұйым өзінің твиттердегі аккаунтында.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға ауған түні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін бокс кешінде Фируза Шарипова ирландиялық әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорға қарсы шаршы алаңға көтеріледі.

Бөлісу:
Шарипова әлемді таң қалдырғысы келеді - WBC · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар