Спорт
1 мин оқу 303

Боксшы Әли Ахмедов мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық босшы Әли Ахмедов Америка Құрама Штаттарының Монтебелло қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Боксшы Әли Ахмедов мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді

Бүгінгі бокс кешінде Әли Ахмедов мексикалық боксшы Пауль Валенсуэламен жекпе-жекке шыққан болатын.

Суперорта салмақтағы кездесу 10 раундқа созылуға тиіс еді. Алайда ол бірінші раундтың соңында қазақстандық боксшының нокаутынан кейін уақытынан бұрын аяқталды. Осылайша Әли Ахмедов өзінің кәсіпқой бокстағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. А

л Пауль Валенсуэла осымен он бірінші мәрте жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында IBO бойынша әлем чемпионы титулы үшін тартыста Карлос Гонгора Әли Ахмедовты нокаутқа жіберген болатын. Бұл - Әлидің содан бергі екінші жекпе-жегі.

Бөлісу:
Боксшы Әли Ахмедов мексикалық қарсыласын нокаутқа жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар