Әлем
1 мин оқу 300

Ресейде коронавирус инфекциясы өршіп тұр

<p style="text-align: justify;">Ресей Федерациясының 85 аймағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың ондаған мың жағдайы анықталды. Өткен тәулікте 30 288 адамда инфекция расталды деп мәлімдеді елдің инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабы, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресейде коронавирус инфекциясы өршіп тұр

Жаңа жағдайлардың ең көп саны Мәскеуде анықталды – 3 140, Санкт-Петербургте – 2 045 және Мәскеу облысында – 1 833. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Ресейде COVID-19 жұқтырудың 9 986 967 фактісі тіркелді. 

«Ал, Франция covid-19 пандемиясының бесінші толқынын өткеруде»,  деді Премьер-министр Жан Кастекс.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызылғандардың саны осы аптаның соңында жылдам қарқынмен өсіп жатқанын мәлімдеді. COVID-19 пациенттерінің күнделікті өсу көрсеткіші 61 340 құрады және бұл жаңа антирекорд. 

Қазіргі уақытта Францияда 52 189 810 адам немесе халықтың 77,3% - ы вакцинаның бір компонентімен егілді, иммундаудың толық курсынан өткендер саны 47 742 082, бұл тұрғындардың 70,7 % құрайды. Ревакцинация аясында 11 529 364 екпе жасалды.

Бөлісу:
Ресейде коронавирус инфекциясы өршіп тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар