Головкин-Мурата жекпе-жегі қашан өтеді?
<p style="text-align: justify;">29 желтоқсанға жоспарланған IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (Super) белбеуінің иегері, жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек коронавирустың омикрон штамының таралуына байланысты кейінге қалдырылғаны мәлім, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Енді екі боксшы арасындағы ұзақ күткен кездесу келесі жылдың көктемінде өтпек. Бұл туралы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер хабарлады.
«Жапония тарихындағы ең үлкен жекпе-жектің кейінге қалдырылғаны бізге де оңай соққан жоқ. Генаның командасы ретінде біз бұл шайқасты асыға тосқан болатынбыз. Бұл жекпе-жек алдағы жылдың көктемінде өтеді дегенге сенеміз. Әзірге қай айдың қай күнінде ұйымдастырылатынын тап басып айту мүмкін болмай тұр. Мүмкіндік болса бұл бокс кешін жедел ұйымдастыратын боламыз», дейді промоутер.