Президент
1 мин оқу 320

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан бірнеше азаматтың қаза болғандығына байланысты АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз», делінген Президенттің жеделхатында.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар