Аймақтар
2 мин оқу 630

«Сыр журналистикасының тарихы» жарық көрді

<p style="text-align: justify;">Қызылордадағы Достық үйінде &laquo;Сыр журналисти&shy;касының тарихы&raquo; 5 томдық жинағының тұсауы кесіліп, оған Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, &laquo;Бас редакторлар клубы&raquo; ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Ғалымжан Елшібай, &laquo;Түркістан медиа холдингі&raquo; ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен, &laquo;Сыр медиа&raquo; ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев қатысты.</p>

«Сыр журналистикасының тарихы» жарық көрді

Аймақтағы зиялы қауым өкіл­дері бас қосқан жиында об­­лыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет жинақтың мән-ма­ңызына тоқталып, аймақтағы БАҚ тарихын түгендеудегі жер­­гілікті «Сыр медиа» ЖШС маман­дарының еңбегін айрық­ша атап өтті.

– Дәстүрлі БАҚ пен бүгінгі медиа дамудың жаңа сатысына көтерілген қазіргідей кезеңде аймақ журналистикасының та­рихын түгендеу құптарлық іс. Өңір журналистикасының бұрынғысы мен бүгінгісін бейнелеген бестомдықтың Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқыр­манға жол тартуы зор қуаныш, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жинақтың І томында «Сыр бойы», «Кызылординские вес­ти», «Ақмешіт жастары» газет­терінің, «Сыр медиа» ЖШС тарихы топтастырылған. Екінші томда «Ақмешіт апталығы» мен аудандық 7 басылым туралы деректер жинақталса, үшінші кітап аймақтағы электронды БАҚ, баспахана тарихы және республикалық БАҚ тілшілері туралы. Жинақта тәуелсіз басылымдар жөніндегі мәлімет пен Сыр бойынан шық­қан белгілі журналистер тәжі­рибесі, шеберлік дәрістері топтастырылған.

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп газет бетінде әр кезеңнің тыныс-тіршілігі айқын көрініп тұра­тындықтан кітап ел шежі­ресі деп атауға лайық деген ой айтты. «Кезінде Кеңес бас­­­пасөзінің тарихын жаттап өстік, шетел баспасөзінің өт­кенінен де хабарымыз бар. Бүгінгі бестомдық осыған дейін ескерусіз қалып келген ұлт­тық журналистика тарихын тү­гендеудегі толымды еңбек болып тұр» деді сенатор.

Жиында Қазақстан Жур­налистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай ой-пікірлерін ортаға салды.  Ұлт­тық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Амантай Шәріп Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына орайластырылған бас­тама басқа аймақтар мен журналистер даярлайтын белді оқу орындарына үлгі болуы тиістігін атап өтті.

– Қолымызға жаңа тиіп отыр­­ған кітапты парақтап шы­­­­ғуға ғана үлгердік. Соның өзін­де еңбектің тек естеліктер емес, ғылыми негізді жұмыс болғанына көзіміз жетіп, көңі­ліміз толып отыр. Ең бастысы, облыстан шығатын басылымдар, электронды БАҚ, қазіргі жаңа медиа қамтылған. Ондағы материалдар мазмұнына сараптама жасалған, – деді ғалым.

«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев облыс әкімдігі қолдауымен жа­рық көріп отырған жинақты дайындауға серіктес мамандарымен бірге әріптестердің барлығы атсалысқанын атап өтті.

– Біз осы уақытқа дейін «Сыр бойы» газетінің алғашқы редакторы Жиенғали Тілепбергенов деп келдік. Ал Ресейдің мем­ле­кеттік кітапханасынан та­былған мәліметте бірінші нө­мірде ре­дактор ретінде Ба­тыр­­ғали Калюковтың аты көр­сетілген. Калюков пен Ті­леп­бергеновтің арасында ба­сы­лымға жетекшілік еткен азаматтар да бар екен. Аудан­дық архивтердегі көп мәлі­мет­тердің жойылып кеткені де біраз қиындық тудырды. Ай­мақтан шыққан журналис­терге арналған том Қалжан Қо­­ңыратбаев, Мұстафа Шоқай секілді ардақтыларымыздан бас­талып отыр, – деді Аманжол Сақыпұлы.

Іс-шара соңында «Сыр жур­налистикасының тарихы» 5 томдығының лентасы салтанатты түрде қиылып, қалың оқыр­манға жол тартты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
«Сыр журналистикасының тарихы» жарық көрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар