Аймақтар
2 мин оқу 712

Экспозицияда – ел тарихы

<p style="text-align: justify;">Облыстық тарихи-өл&shy;кетану музейінде Тәуел&shy;сіздіктің 30 жыл&shy;дығы қар&shy;саңында &laquo;Елба&shy;сы және Тәуелсіз Қазақ&shy;стан тарихы&raquo;, &laquo;Ұлық Ұлыс &ndash; Алтын Орда&raquo; экс&shy;&shy;&shy;&shy;позициялық зал&shy;дары ашыл&shy;ды. Салта&shy;натты іс-шараға қатыс&shy;қан мә&shy;де&shy;ниет, қоғам қайрат&shy;кер&shy;леріне, ғалымдарға экс&shy;позициялық залдар&shy;дағы жәдігерлер таныс&shy;ты&shy;рылды.</p>

Экспозицияда – ел тарихы

– Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – қайта жаңғырған Қазақ мемлекеттігінің, ата-ба­баларымыз аңсаған азат­тық­тың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Еліміз осы кезеңде әлемдегі өркениетті елдер қатарынан көрінді. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың басшылығымен мемле­кетіміздің шекарасы ше­ген­деліп, билік жүйесі қа­лып­­тас­ты. Ұлттық валютамыз ай­на­лым­ға енді. Қуатты Қа­рулы Күштер құрылды. Ата За­­ңы­мыз қабылданды, шетел­дер­мен дип­ломатиялық қарым-қа­тынас орнады. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан – 2030», «Қа­зақстан – 2050» стра­те­гия­лық бағдар­ламалары қа­был­данып, эконо­микасы озық отыз елдің қа­тарына қосылуды меже­ле­дік, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен нығаю тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасының өмір жолын баян­дайтын тарихи деректер мен қайраткерлік қырын көр­се­тетін мұрағат құжаттары топ­­­тастырылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тари­хы» экспозиция залының м­а­­­ңызы ерекше. Сондай-ақ Тәуел­сіздіктің 30 жылдығын ме­рекелеу аясында ашылған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залы­ның жас буынды отаншыл­дық рухта тәрбиелеуге тигізер ықпалы зор болмақ.

Мемлекет тарихы инсти­тутының директоры, тарих ғы­лымдарының докторы, профессор Еркін Әбілдің пікіріне сүйенсек, экспозициялық залдарды тарихи сананы жаңғырту жолындағы кезекті қадам деп айтуға болады. Музей – тарихи жәдігерлерді сақтау ғана емес, өскелең ұрпаққа ата-баба­мыздан қалған мұралар арқылы тәлім-тәрбие беруге арналған үлкен әлеуметтік нысан. Сондықтан ел тарихынан сыр шертетін мұндай  экспозициялық жәдігерлер көп­шілік арасында көбірек наси­хатталуы керек. Өйткені ұжымдық тарихи жадымызды қалып­тастыру арқылы ұлттық санамызды жаңғырта аламыз.

Атырау облысы

Бөлісу:
Экспозицияда – ел тарихы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар