Коронавирус
1 мин оқу 364

Бекшин коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны атады

<p style="text-align: justify;">Жандарбек Бекшин <a href="https://web.facebook.com/permalink.php?story_fbid=645494043280639&amp;id=100034601463955" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Facebook-те</a> жариялаған бейне-баяндамасында қала тұрғындары тарапынан елімізде салынып жатқан вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатқанын жеткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бекшин коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны атады

Оның айтуынша, сәуір айынан бері департамент мамандары вакцинаның толық курсынан өткен адамдарға 42-45 күн өткенде коронавирус ауруына қатысты мониторинг жүргізіп келеді.

«Қалада ауруға қайта шалдыққандардың жалпы саны - 3 239 жағдай. Бұл вакцинаның толық курсын алған 987 мыңнан астам адамның 0,33 пайызы. Вакцинаның толық курсын алған соң Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші мынандай: «Спутник V» – 0,37%, Hayat-Vax – 0,26%, «Синовак» – 0,19%, QazCovid-in (QazVaс) – 0,17%. Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігінде сырқат жеңіл өткен», деді ол.

Сонымен қатар ол отандық QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында қайта виурс жұқтыру төмен екенін айтты.

«Статистикаға қарасақ, коронавируспен қайта ауырғандар арасында ең төменгі көрсеткіш отандық ғалымдар жасап шыққан QazCovid-in вакцинасын алғандар. Оның үстіне отандық вакцинаны алғандарда екпенің жанама әсері аз болған. Сондай-ақ вакцинаның тиімділігі ұзақ уақытқа жеткені байқалды. Осыған орай дәрігерлер ревакцинацияға QazCovid-in лайықты деген шешімге келді», деді Жандарбек Бекшин.

Бөлісу:
Бекшин коронавирусқа қарсы тиімді вакцинаны атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар