«Канелоның» белдігіне үміткер боксшы Ресейде жаттығып жүр
<p style="text-align: justify;">Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы оқу-жаттығу жиынын Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткізіп жүр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол Ресейде Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиевпен бірге дайындығын пысықтап жатыр. Инстаграмдағы парақшасында Альберт Батырғазиевпен бірге түскен суретін жариялаған Айдос Ербосынұлы төмендегідей жазба қалдырды.
«Соңғы Олимпиада ойындарында бірде-бір қазақ баласы жеңістің биік тұғырынан көрінбегенімен, қасымдағы қаны бір ноғай жігіті Олимпиада чемпионы атанғанын ұмытпаңыздар. Альберт, кәсіпқой бокс әлемінде өткізетін әрбір жекпе-жегіңе тек сәттілік тілеймін», деді Айдос.
Соңғы жекпе-жегінде Леннокс Алленді нокаутпен жеңген Айдос Ербосынұлы WBA рейтингіне сәйкес екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварестің міндеті қарсыласы атанған болатын.