Коронавирус
1 мин оқу 330

Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті

<p style="text-align: justify;">Жапонияда 15 науқастың омиркон штамын жұқтырғаны анықталды. Жалпы дертке шалдыққандардың саны 32-ге жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті

Бұл штамм тасымалдаушылары Жапонияға шетелден келген азаматтар көрінеді. Нақтырақ айтсақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, БАӘ, Лесото, Танзания, Зимбабве және Конгодан 7-12 желтоқсан аралығында елге кірген азаматтардың ауырғаны белгілі болды.

Олардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ, бірақ дене қызулары көтерілген. 15 адамның 11-і толық вакцинация курсынан өтті, бір адам вакцина алмаған, тағы үшеуіне қатысты бұл мәселе нақтылану сатысында.

Бөлісу:
Жапонияда омикрон штамын жұқтырғандардың саны отыз екіге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар