Аймақтар
1 мин оқу 176

Азық-түлік себеттерін алды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ел тірегі &ndash; Елбасы&raquo; акциясы аясында Қостанайда &laquo;Халық&raquo; қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарада мүмкіндігі шектеулі балалары бар 200-ден астам мұқтаж отбасы азық-түлік себеттерін алды. Әрқайсының салмағы 50 кило болатын әлеуметтік қораптың ішінде күріш, қарақұмық, ұн, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер бар.</p>

Азық-түлік себеттерін алды

Ауқымды шараға «Жанашыр бол» қоғамдық қорының волонтерлері де атсалысты. Ерікті жастар  азық-түлік себеттерін қаланың әр тү­кпірінде тұрып жатқан тұрмысы тө­мен, сондай-ақ көп бала тәрбиелеп отыр­ған отбасылардың үйіне жеткізіп берді.

– Үш күн ішінде 251 отбасына азық-түлік себеттерін тараттық. Мұқ­таж отбасылардың үйіне жылу сый­лайтын мұндай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұру керек. Әсіресе сәбилердің қуанғанын көргенде осынау шарапатты істің сауабы мол екеніне көзіміз жете түседі, – дейді «Жанашыр бол» ҚҚ-ның волонтері Салтанат Ықыласова.

Ұйымдастырушылар азық-түлік себеттерінің бәрін Тәуелсіздік мереке­сіне дейін үлестіріп бермек. Мұндай іс-шаралар Қостанай қаласын ғана емес, облыс аудандарына қарасты алыс-жақын ауылдарды да қамтитын болады.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Азық-түлік себеттерін алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар