Жаңалықтар
1 мин оқу 267

Түркия премьері отставкаға кетуге дайын

06 03 - ErdoganТүркия премьер-министрі Реджеп Таийп Эрдоган өзінің «Әділдік пен даму» партиясы жуырдағы сайлауда жеңіске жетпесе, мүлде саясаттан кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. «Егер алдағы келе жатқан сайлауда менің партиям жеңіске жетпесе, мен саясаттан кетуге дайын екенімді ашық жеткіземін», – деді Түркия премьері. 30 наурызда Түркияда жергілікті билік органдарының сайлауы өтеді. Оған «Әділдік пен даму», «Ұлттық республикалық», «Бейбітшілік пен демократия» және «Ұлттық әрекет» партиялары қатысады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Ria.ru.  
Бөлісу:
Түркия премьері отставкаға кетуге дайын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар