Тәуелсіздік
1 мин оқу 750
Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті», деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында.
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді.
Тутұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды.
Бөлісу: