Аймақтар
1 мин оқу 475

БҚО-да республикалық жол жабылды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО-да республикалық жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 16 желтоқсан күні жергілікті сағат 20.30-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау (Орал қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жолдың жабылу себебі – жаңбыр, тұман, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті сонымен қатар 17 желтоқсан күні облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болатыны жөнінде ескерту жарияланғанын жеткізді.

Қазіргі кезде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
БҚО-да республикалық жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар