Қазақстан
1 мин оқу 1,111
Бүгін Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні
<p>17 желтоқсан – ҚР Демократиялық жаңару күні, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
1991 жылы желтоқсанның 12-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і - Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
Бөлісу: