Қазақстан
1 мин оқу 204

Елордада бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтеді

<p style="text-align: justify;">Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында «Нұр Әлем» сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді.

Жұлдызды орындаушылардың арасында-Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақарсыз болмайды.

Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.

Бөлісу:
Елордада бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар