Аймақтар
1 мин оқу 770

Бауырларын өрттен құтқарған 7 жасар қыз марапатталды

<p style="text-align: justify;">Биылғы 12 қазанда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылы Желтоқсан көшесі №24а мекен-жайда электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан &nbsp;жалпы ауданы 5х15 шаршы метр тұрғын үй өртенген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Сыр бойы&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Өртті бірінші байқаған көршісі Сүлейменова Базаркүл оқиға туралы хабарлаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін үй иесінің қызы, №38 қазақ орта мектебінің 1 «б» сынып оқушысы, 7 жасар Мерей есімді қыз ержүректілік танытып, өз өмірін қатерге тігіп, қою қара түтіннің арасынан кәмелет жасқа толмаған бауырлары: 5 жасар Бахыт Бексұлтанды, 3 жасар Бахыт Айлинді және 1 жасар Наурызбекқызы Адинаны үйдің терезесінен сыртқа шығарып, ажалдан аман алып қалған.

Адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлылығы үшін Мерей Наурызбекқызы Бахытты 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №215-ж/қ бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев Алғыс хатпен марапаттады.

Сол марапатты және бүлдіршінге арналған сый-сияпатты ел мерекесі қарсаңында Мерейдің сыныптастары алдында Жалағаш ауданындағы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары ержүрек қызға табыс етті.

Бөлісу:
Бауырларын өрттен құтқарған 7 жасар қыз марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар