Оқиға
1 мин оқу 560
Тойда отырған қонақтарды автобус басып кетті
<p style="text-align: justify;">Пәкістанның Пенджаб провинциясында үйлену тойын тойлап жатқан жұртты автобус қағып кетті. Салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жергілікті БАҚ пен полицияның хабарлауынша, тағы тоғыз адам жараланған.
Зардап шеккендердің көпшілігінің жағдайы ауыр болғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Болжам бойынша автобус жүргізушісі қою тұманда рөлге ие бола алмай қалған.
Тәртіп сақшылары жол апатынан кейін оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу: