Технология
1 мин оқу 320
Türksat 5B жер серігі орбитаға шығарылды
<p style="text-align: justify;">Түркияның жаңа телекоммуникациялық жер серігі Türksat 5B ғарышқа сәтті ұшырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ұшыру АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі базадан (Cape Canaveral Space Force Station, CCSFS) Түркия уақытымен 6:58-де жүзеге асырылды.
Ғарыш кемесі орбитаға Space X Falcon 9 зымыран тасығышымен шығарылды.
Спутникті Airbus D&S еуропалық корпорациясы жасап шығарған және ол жоғары өткізу қабілеті бар жерсерік (HTS) санатына енгізілген.
Айта кетейік, Türksat 5B ең қуатты жер серіктерінің бірі.
Бөлісу: