Аймақтар
1 мин оқу 1,490

Атырауда екі күнде 56 сәби өмірге келді

<p style="text-align: justify;">Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16-17 желтоқсанда &nbsp;дүние есігін ашқан шақалақтардың арасында 28 ұл мен 28 қыз бар, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда екі күнде 56 сәби өмірге келді

«Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толған мереке күні – 16 желтоқсанда  37 нәресте өмірге келді. Жас босанған аналарға Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы шақалақтардың тууы туралы куәлігін жедел рәсімдеп берді», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік күнінде өмірге сәби әкелген жас ананың бірі – Айғаным. Махамбет ауданында тұратын жас ананың отбасы перзентіне Фатима есімін таңдаған.

«Біз үшін ұлық мерекеде сәби болу – үлкен бақыт. Енді әкесінің ерке қызы – Фатимамыз бар» дейді жас ана.

Ата-анасын зор қуанышқа бөлеген нәрестелерге Әміре, Айдай, Айшын, Нұрислам, Нұрсейіт есімдері көбірек қойылған.

Бөлісу:
Атырауда екі күнде 56 сәби өмірге келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар