Қазақстан
2 мин оқу 615

Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

<p style="text-align: justify;">Биыл ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқан жылдардан бергі рекордтық нәтижеге қол жетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і &ndash; жеңіл көлік, 4 040-ы жолаушылар көлігі және 8 470-і &ndash; жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға биыл 13,7 млрд теңге қаражат төленген.</p>

Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы іске қосылған уақыттан бері қазақстандықтардан барлығы 214 932 көлік қабылданды.

Ауылшарушылық техникасы бо­йынша бүгінгі таңда 3 206 техника тапсырылды. Оның 2 348-і трактор, 858-і комбайн. 2021 жылы агротехникаларды қабылдауға барлығы 3 380 квота бөлінген болатын.

Бағдарлама аясында жеңіл авто­кө­ліктерге 210 мың, жолаушы және жүк көліктерінің санатына қарай 420 мыңнан 630 мың теңгеге (126-216 АЕК) дейін бағаланады. Агротехниканы тапсы­рушыларға 560 мыңнан 2 млн теңгенің жеңілдік сертификаты бері­леді.

Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша 54 834 автокөлік қабылданды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық өндірушіден 29 853 жаңа автокөлік сатып алынды.

Айта кету керек, жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 1970-90 жылдары шыққан машиналарды құрап отыр.

Аймақтар бойынша көлік тапсыру­дың үздік бестігін Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалалары бастап тұр.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 жел­­тоқ­санынан бастап жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау уақытша тоқтатылды. Себебі, биылға межелі квота толығымен игеріліп отыр. Ал ауыл шаруашылығы техника­сы электронды кезекке сәйкес жыл соңына дейін қабылданады. Ескі көліктерді қабылдауға қажетті квота бөлінгеннен кейін 2022 жылдың қаңтар айынан бағдарлама қайта іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлады ӨКМ Операторының баспасөз қызметі.

а

п

р

Бөлісу:
Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар