Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 3,053

Альваресті 69 секундта жеңді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Бірінші жартылай орта салмақта жұды&shy;рықтасатын қазақстандық бокс&shy;шы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін өткізіп, қар&shy;&shy;сыласын бірінші раундта-ақ сұ&shy;латып салды.</p>

Альваресті 69 секундта жеңді

Канаданың Монреаль қаласында өткен айқаста Жүкембаев бокс жанкүйерлеріне аса қатты танымал болмаса да, өте тәжірибелі мек­сикалық Хуан Хосе Мартинес Альва­респен жұдырықтасты. Мартинес кәсіби шар­шы алаңда 38 жекпе-жек өткізіп, соның 28-інде жеңіске жеткен. 20 мәрте кездесуді мер­зімінен бұрын аяқтаған. 10 айқасында қар­сыласына жол берген.

Жекпе-жекті отандасымыз өте қарқынды бастады. Ә дегеннен қарсыласын соққының астына алған Жүкембаев 40 секундта Аль­варесті нокдаунға түсіріп үлгерді. Артынша Мартинес тағы бірнеше мәрте ауыр соққы алған соң төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп жерлесіміз мексикалық бокс­шыдан 69 секундта-ақ басым түсті.

Бұл – Батыр Жүкембаевтың карьера­сындағы 18-ші жеңісі. Кәсіпқой бокстағы карьерасын осы Канадада бастаған отандасымыз бұған дейінгі бір жекпе-жегін АҚШ-та өткізіп, тұңғыш рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болып еді. Енді, міне, Канадаға қайта оралып, жеңісті жолын жалғады.

Бөлісу:
Альваресті 69 секундта жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар