Футбол
1 мин оқу 150
Бір жеңіп, бір жеңілді
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Рикардо Кака жаттықтыратын Қа­зақстан құрамасы өткен демалыс күн­дері Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізді.</p>

Елордада өткен бірінші ойында Рикардо Кака шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Арнольд Кнауб, Дуглас және Игита көзге түсті. Бұл – Игитаның ұлттық құрама сапындағы оныншы голы. Келесі күні өткен қарымта кездесу қарсыластың жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы ойынды қарқынды бастап, бірінші таймда 3:0 есебімен алда тұрған. Гол авторлары – Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов және Дуглас. Екінші таймда бас бапкер жас ойыншылардың алаңға шығуына мүмкіндік беріп, басымдықты ұстап тұра алмады. Ойын қарсыластың пайдасына шешілді – 4:6.
Бөлісу: