Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 334

Елеусінов елеулі табысынан кейін жоспарымен бөлісті

<p style="text-align: justify;">Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғаннан кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елеусінов елеулі табысынан кейін жоспарымен бөлісті

«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бокс кеші өз мәресіне жетті. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым зор. Ендігі басты мақсат – жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қалған чемпиондық белдіктерді жинау», деп жазды отандасымыз әлеуметтік желіде.

Елорда төрінде өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов аргентиналық Хуан Эрнан Леалды ұпай санымен жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Бөлісу:
Елеусінов елеулі табысынан кейін жоспарымен бөлісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар