Коронавирус
1 мин оқу 110

Алматыда стационарлар саны қысқарды

<p style="text-align: justify;">Алматыда коронавирус жұқтырған 167 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

19 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 30 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –12 , келіп түскені – 4.

«Инфекциялық стационарларда 167 адам бар. Оның ішінде 8 бала емделуде. Төсек-орын 1434-тен 1 104 - ке, дейін қысқарды», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 32 адам жатыр.

Ал 6 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 297 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 281 науқас. 16 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Бөлісу:
Алматыда стационарлар саны қысқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар