Асханадағы жарылыстан он адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">Өзбекстанның Самарқанд облысы Ақдария ауданында орналасқан асханада жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам зардап шеккен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Төтенше жағдайлар министрлігі 19 желтоқсанда «Лаззат» асханасында болған оқиғаға қатысты алдын ала мәлімет берді.
«Жарылыс екі пропан цистерна сақталған асханада болды. Салдарынан 40 шаршы метр аумақты және ғимараттың төбесін, сондай-ақ тұрмыстық техниканы өрт шарпыған», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша 10 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары тобы оқиға орнына 14:23-те жетіп, 14:54-те өртті толықтай сөндірді.