Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 324

Тейлордың белдіктерін тартып аламын – Фируза Шарипова

<p style="text-align: justify;">Жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлордан қарымта қайтаруға ниетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Тейлордың белдіктерін тартып аламын – Фируза Шарипова

«Мен әрқашан Тейлорға қарсы рингке көтерілуді мақсат тұттым. Сондықтан да онымен жұдырықтасуым кездейсоқтық емес. Командамызбен бірге сол мақсат жолында талмай тер төктік.

Жекпе-жектің өтетіні белгілі болған кезде біз бірден жаттығуды бастап кеттік. Төрешілер жеңісті ирландиялық боксшының еншісіне жазғанына қарамастан, рингте кездескенім үшін қуаныштымын. Шайқасты бәріңіз көрдіңіздер ғой. Мен жақында сол чемпиондық белдіктерді иеленетін боламын», дейді Фируза Шарипова.

Бөлісу:
Тейлордың белдіктерін тартып аламын – Фируза Шарипова · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар