Оқиға
1 мин оқу 176
Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті
<p style="text-align: justify;">Қызылордада 7 жастағы бала бассейнге батып кетті, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейндегі суға тұншығып, қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен және 306-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.
Бөлісу: