Спорт
1 мин оқу 152

Үздіктер қатарынан көріне алмады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Анкарада (Түркия) волейболдан әйел&shy;дер арасындағы клубтық әлем чем&shy;пионаты аяқталды. Бұл жа&shy;рыста Өс&shy;кеменнің &laquo;Алтайы&raquo; тек Қа&shy;зақ&shy;станның ғана емес, Азия құрлы&shy;ғының намысын қорғады.</p>

Үздіктер қатарынан көріне алмады

«Алтай» әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бразилияның «Минас» және Ыс­танбұлдың «Вакифбанк» клубтарымен ойнады. Жерлестеріміз әр құрлықтың үздіктері жиналған біріншіліктегі алғашқы кездесуін былтырғы Оңтүстік Америка құрлығының ең үздік ұжымы деп танылған «Минас» клубымен өткізіп, үш партияда 20:25, 22:25, 18:25 есебімен жеңіліп қалды. Екінші матч­та Ыстанбұлдың «Вакифбанк» ұжымымен шеберлік байқасқан «Алтай» бұл жолы да жеңілді. 2013, 2017 және 2018 жылдары клубтық әлем чемпионатында топ жарған Түркия волейболшылары 3:0 (25:13, 25:10, 25:17) нәтижесімен жеңіске жетті.

Финалдық сайыста Италияның «Карраро Имоко» клубынан 3:2 (25:15, 22:25, 25:22, 22:25, 15:7) есебімен басым түскен «Вакифбанк» төрт дүркін әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Үздіктер қатарынан көріне алмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар