Аймақтар
1 мин оқу 203

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

<p style="text-align: justify;">Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы &laquo;Астана&raquo; алаңында өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 22 метр.

Алматының бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

«Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар», делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.

Бөлісу:
Алматыда бас шыршаның шамы жағылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар