Президент
1 мин оқу 544

Бүгін – ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға 30 жыл

<p style="text-align: justify;">1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады», делінген Мемлекет басшысының жазбасында.

Айта кетейік, 1991 жылы 13 желтоқсанда Түрікменстан астанасы Ашхабадта КСРО құрамына кірген бес Орталық Азия Мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша қабылданған мәлімдемеде елдер бұрынғы КСРО мемлекеттерінің тең қатысуы шартымен ТМД ұйымына кіруге келісім білдірді.

 
Бөлісу:
Бүгін – ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға 30 жыл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар