Елорда
1 мин оқу 653

Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімін беру жоспарлануда. Үкімет қаулысының жобасы &laquo;Ашық НҚА&raquo; сайтында жарияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі

Нұр-Сұлтан  қаласының мынадай білім беру ұйымдарына: 

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;

4) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына  Ыбырай Алтынсариннің есімін беру жоспарлануда.

Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Елорданың бірнеше мектебіне тұлғалар есімі беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар