Өртеніп жатқан сауда орталығынан 200 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Томскіде «Лента» сауда орталығы өртеніп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ведомствоның мәліметінше, Томск қаласындағы Елизаровых көшесі, 13 мекен жайындағы «Лента» сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама Ресей ТЖМ өрт сөндіру және құтқару қызметіне 11:06 (Мәскеу уақытымен) шамасында түскен.
«Бірінші бөлімше келген кезде ғимарат шатырының астынан түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп, өрт ошағын іздеп жатыр», деп жазылған ресейлік БАҚ-та жарияланға хабарламада.
Соңғы мәліметтер бойынша 200-ге жуық адам эвакуацияланған. Қазіргі уақытта өрт аумағы нақтылануда.
Құтқару бөлімі өрт ошағын іздеу жүріп жатқанын атап өтті. Оқиға орнында 76 адам және 24 техника жұмыс істеп жатыр.