Бейбіт Атамқұлов Румыния Парламентінің депутаттарымен кездесті
<p style="text-align: justify;">ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов сенатор Кристиан-Аугустин Никулеску-Цыгырлаш бастаған Румыния Парламенті депутаттарын қабылдады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Министр Румыния парламентшілерін экспорттық және импорттық операциялар кезіндегі көлік және логистика, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларымен, сондай-ақ инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктермен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тікелей жүк және жолаушылар әуе бағыттарын ашу жайын талқылады.
Келіссөздер қорытындысында тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, 2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 39% артып, 1,4 млрд АҚШ долларын құрады.
Қазақстанда Румын капиталының қатысумен 24 компания тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 17 заңды тұлға жұмыс істейді. Румыниядан Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар - 1,57 млрд АҚШ долларын (2005 жылдан 2020 жылға дейін) құрады.