Асқар Мамин ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында өңірлер әкімдеріне халықты коронавирусқа қарсы вакциналау және ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жұқпалы аурулар ауруханалары мен реанимация орындарының жұмыспен қамтылуы - 19%. Көптеген өңірлер «жасыл» аймақта, «сары» аймақта тек Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр», деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, көптеген елдерде жаңа штамның таралуына байланысты, мемлекеттік шекарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды жалғастыру қажет.
«Үй-жайлар мен қоғамдық көлікте бетперде кию және адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау жөніндегі талаптарды орындауға ерекше назар аудару қажет», деп қосты Үкімет басшысы.
Қазіргі уақытта 9 млн-ға жуық ересек халық бірінші компонентпен, бұл ересек халықтың 80%-ға жуығы, екінші компонентпен 8,4 млн-нан астам адам егілгенін, бұл ересек халықтың шамамен 75%-ы екенін атап өтіп,
Асқар Мамин мұндай көрсеткіштер ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін әлі де жеткіліксіз екенін жеткізді. Осыған байланысты ол Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлер әкімдіктеріне халықты КВИ-ға қарсы вакциналау және ревакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.