Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 5,070

Головкиннің орнын Әлімханұлы басты

<p style="text-align: justify;">Бүгін <a href="/admin/news/Boxrec.%20сom">Boxrec. сom</a> сайты IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді рейтингтен шығарып тастаған болатын. Головкин рейтингтегі орнынан айрылғаннан кейін қазақ боксшылары арасынан көш тізгінін Жәнібек Әлімханұлы өз қолына алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Головкиннің орнын Әлімханұлы басты

Иә, салмақ дәрежесіне қарамастан тізілген үздіктер рейтингінде қазақ боксшылары арасынан Жәнібектің шоқтығы биік тұруы заңдылық. Ол осы жылы екі бірдей әлемнің бұрынғы чемпиондары Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Екінші орынға орта салмақта топқа түсіп жүрген Қанат Ислам орналасса, үздік үштікті бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі Руслан Мадиев қорытындылап тұр.

Бөлісу:
Головкиннің орнын Әлімханұлы басты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар