Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 341

2022 жылы Даниярды қандай кездесулер күтіп тұр?

<p style="text-align: justify;">Жақында ғана IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына қол жеткізген кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновті 2022 жылы үлкен жекпе-жектер күтіп тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2022 жылы Даниярды қандай кездесулер күтіп тұр?

Бұл туралы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Элвис Креспо мәлімдеді. Ол өз сөзінде Даниярдың соңғы жекпе-жегіне қатысты пікірімен де бөлісті.

«Данияр Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі маған ұнады. Көңілімнен шықты. Ол барлық раундта қарсыласынан басым екенін айқын көрсетті. 12 раунд жұдырықтасқаны дұрыс болды деп есептеймін. Неге десеңіз соңғы екі жылда ол рингте бар болғаны 9 раунд қана өткізді. Даниярдың сол қолындағы жарақаты жазылған соң біз оны шаршы алаңға көбірек шығара бастаймыз. Бір анығы 2022 жылы қазақ боксшысын үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғаны сөзсіз», деп түйіндеді менеджер өз ойын.  

Бөлісу:
2022 жылы Даниярды қандай кездесулер күтіп тұр? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар