Қоғам
1 мин оқу 522

Рақымшылық жасалады: Қанша адам түрмеден шығады?

<p style="text-align: justify;">ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетовтің мәліметінше, алдын ала есептеулер бойынша рақымшылық жасауға 2 236 сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 мыңнан астам адам ілінеді. Оның ішінде 1 мыңға жуық адам бостандыққа шығады, 4 мыңға жуық адам пробация қызметінің есебінен толық шығарылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонымен қатар 1294 сотталғанның және пробация қызметінің есебінде тұрғандардың жаза мерзімнің өтелмеген бөлігі қысқарады.

Сондай-ақ ізгілендіру актісі азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылатынын, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары – кәмелетке толмағандарға, егде жастағы әйелдер мен ер адамдарға, мүгедектігі барларға (1 және 2-топтар) ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Заңға сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде оның орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Бөлісу:
Рақымшылық жасалады: Қанша адам түрмеден шығады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар