Жекпе-жек
1 мин оқу 171

Чендлер Гэтжиден есе қайтарғысы келеді

<p style="text-align: justify;">Жеңіл салмақтағы бұрынғы Bellator чемпионы Майкл Чендлер Джастин Гэтжиден есе қайырғысы келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чендлер Гэтжиден есе қайтарғысы келеді

«Гэтжиге қарсы өткізген шайқас маған қатты ұнады. Керемет шайқас болды. Жанкүйерлердің риза болғаны талас тудырмайды. Сондықтан олардың екінші шайқасты тамашалағысы келетіні даусыз. Джастин екеуміз 2022 жылдың аяғында әлем чемпионы атағына таласуымыз да мүмкін», дейді ол.

Дәл қазір жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Чарльз Оливейра екені мәлім. Алайда Чендлер Джастин Гэтжидің Оливейраны жеңетініне сенімді сияқты.

Бөлісу:
Чендлер Гэтжиден есе қайтарғысы келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар