Аймақтар
2 мин оқу 820

Құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар

<p style="text-align: justify;">Индер ауданында жаңа цех жұмысын бастады. Мұнда тәулігіне құрылыс индустриясына арналған 70 тонна құрғақ қоспалар шығарылады. Оның ішінде сылақ пен жарықты бітеу үшін, еденге пайдаланылатын гипс пен желім секілді 9 түрлі құрғақ қоспа бар.</p>

Құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық да­му­ басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Қаныш Мәмбетовтің айтуынша, жаңа цех нарықты сапалы тауарлармен қамтып қана қоймай, жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ұсынады. Қазір аталған цехқа 20 жас маман жұмысқа орналасты.

– Жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру – әр дең­гейдегі әкімдіктердің басты мін­детінің бірі. Жаңа цехтың бас­шыларының жастарға жұ­мыс орындарын ұсынып, бұл бастаманы қолдағаны қуантады. Атырау облысында құрғақ қоспаларды шығаратын жалғыз цех жобасының құны 250 млн теңгені құрайды, – деді Қаныш Мәмбетов.

Үдемелі индустриялық-ин­но­­вациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа цех­ты іске қосқан «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-ның негізін 27 жас­тағы жас кәсіпкер Дархан Төребеков қалаған. Оның ай­туын­­ша, цехтың жылдық қуаты – ­
10 мың тонна. Құрғақ қоспалар 25 килолық қағаз қапқа салынады. Сапасы Қазақстандағы осындай өнім шығаратын танымал брендтер мен ресейлік өндірушілердің тауарынан кем түспейді. Ал бағасы нарық­та­ғы­дан 30 пайызға төмен.

– Бізде құрылыста кеңі­нен қолданылатын құрғақ қоспа­лар­дың барлық түрі шыға­рылады. Жалпы, бұл өндіріс 2017 жылы іске қосылған еді. Бірақ толық қуатында жұмыс істемеді. Жа­қын­да қажетті қондырғыны са­тып алдық. Содан кейін жұ­мыс жанданды. Қазір JM-капитал, SDN Construction, B+ секілді ірі құрылыс компа­ния­ларымен әріптестік байланыс орнаттық. Болашақта жұ­мысшылар санын 50-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Д.Төребеков.

Атырау облысы

Бөлісу: