Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 285

Андраде мен Әлімханұлы рингте кездеспеуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Ring IQ Boxing Talk ютуб арнасы WBO тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраде мен оның міндетті қарсыласы Жәнібек Әлімханұлы арасында өтуі тиіс жекпе-жекке қатысты болжам жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Андраде мен Әлімханұлы рингте кездеспеуі мүмкін

«Деметриус Андраде мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек өте ме, жоқ па? Америкалық боксшы өзіне тиесілі әлем чемпионы атағынан бас тарта ма? Меніңше бұл шайқас ұйымдастырылмайды. Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн жақында ғана мәлімдеме жасаған болатын.

«Мен Андрадені Джермалл Чарло немесе Геннадий Головкинмен кездестіргім келеді. Бұл кездесулерді ұйымдастыра алмасақ, Андраде екінші орта салмақ дәрежесіне көтеріледі», деген Хирннің сөзі жадымызда. Сол себепті Деметриустің Жәнібекпен рингте кездесетініне күмәнмен қараймын. Ол 15 қаңтарға дейін белдігін бос қалдыруы әбден мүмкін», дейді арна жетекшісі.

Бөлісу:
Андраде мен Әлімханұлы рингте кездеспеуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар