Қазақстан
1 мин оқу 470

Журналистерге құрмет көрсетілді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Егемен Қазақстан&raquo; республикалық жалпыұлттық газетінің бас редакторы болған белгілі журналист Жанболат Аупбаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Egemen Qazaqstan редакциясының ұжымы мерейтой иесін ортаға алып, арнайы құттықтады. Жиынға газеттің ардагер тілшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

в

Басқосуда зейнет жасына келген ардагер тілшілер Қарашаш Тоқсанбай мен Фарида Бықайға құрмет көрсетілді. 

с

Экономика бөлімінің меңгерушісі Қымбат Тоқтамұратқа «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. 

а

«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Жанболт Аупбаевты ұжым атынан құттықтап, шапан жапты. Сондай-ақ ардагер тілшілерге газеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

а

Бірге еңбек еткен өзге де әріптестері өткен күннің ғибратты сәттерін еске алып, тілшілердің шығармашылық жолына тоқталды.

Бөлісу:
Журналистерге құрмет көрсетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар