Әлем чемпионы атағы үшін айқасады
<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.3pt;">Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ата­­ғы үшін жұдырықтасады. Бұл туралы отандасымыздың ісін жүр­гізетін әйгілі Top Rank промо­утер­лік компаниясының бас­шысы Боб Арум мәлімдеді.</span></p>

«Менің компаниямдағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылдың басында орта салмақтағы WBO ұйымының чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Ол – орта салмақтың әлемдегі ең үздік боксшысы» деп жазды Арум өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) отандасымызды осы салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 KO) міндетті үміткер қарсылас еткен болатын. Екі тарап бір мәмілеге келу үшін аталған ұйым келіссөздерге 20 күн берген еді. Бірақ екі жақ бір шешімге келе алмаған соң, жекпе-жек бәс саудаға шығарылды. Ол 15 қаңтарда өтеді.