Аймақтар
1 мин оқу 690

«Өскемен-Семей» тасжолы жабылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, 24 желтоқсанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда қатты боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты таңғы сағат 10:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығындағы «Семей-РФ шекарасы» тасжолында автобустар мен жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.

Бөлісу: