Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 630
Айдос «Канелоның» белдігіне таласуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">LDUBB Boxing ютуб арнасының авторы Буг Уильямс WBA ұйымынан Айдос Ербосынұлы мен Давид Моррел арасында жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Айдос та, Давид Моррель де Леннокс Алленмен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Сондықтан екеуінің арасында жекпе-жек өткізіп, кім мықтыны анықтаған жөн», деді ол.
Сондай-ақ ол әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзіне тиесілі WBA (Super) белбеуін қорғаудан бас тартқан жағдайда жоғарыда аттары аталған боксшылар әлем чемпионы атағын сарапқа салуы тиіс екенін де атап өтті.
Бөлісу: