Елорда
1 мин оқу 432

Елордада Аяз аталардың велошеруі өтеді

<p style="text-align: justify;">26 желтоқсанда елорданың орталық саябақ аумағы мен Амфитеатр ғимараты маңайында жаңа жыл алдындағы ақшақар мен Аяз аталар велошеруі өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап.</p>

26 желтоқсан күні сағат 13:30-да елорда тұрғындары мен қонақтары Ақшақар мен Аяз ата костюмін киіп, жаңа жыл қарсаңындағы кезекті велошеруге қатыса алады.

Велошерудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен айналысуға шақыру, қоғамдық шаралардың маңызын арттыру, денсаулықты қалпына келтіру.

Велошеру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған трициклдегі веложарыс, жарыс қатысушыларына арналған флешмоб, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы да өтеді.

Бөлісу: