Алматыда «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада ашылды
<p style="text-align: justify;"><br />Бүгін «Алтын орда» базары маңындағы «Алматы-Райымбек» учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, «таға» үлгісіндегі бұрылыс эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды.
Сонымен қатар, транзиттік, қоғамдық және жергілікті көліктер үшін 4 шақырымдық инженерлік коммуникациялар қайта орнатылып, 10 жолақты жол салынды. Жобаға 200-ден астам жұмысшы мен 50 техника, оның ішінде монолитті аралық құрылыс жұмыстарын қамтуға арналған күрделі жабдықтар тартылды.
«Алтын орда», «Барлық» базары мен «Молл Апорт» сауда - ойын-сауық орталығының орналасқан жерін ескерсек, эстакадада қозғалыстың ашылуы жол учаскесінің өткізу қабілетін арттырып, халыққа қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар, азаматтардың бизнес жүргізуі үшін инфрақұрылым проблемаларын шешуде оң әсер етеді.