Хоккей
1 мин оқу 240

«Барыс» «Трактор» командасынан ұтылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті матчында Челябі қаласында көш басындағы командалардың бірі &laquo;Трактормен&raquo; күш сынасты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айдын иелері Шығыс конференциясында 61 ұпаймен екінші орында тұрса, 40 ұпайы бар «Барыс» сегізінші сатыда келеді.

Бірінші кезеңде «Трактор» сапынан 9-минутта Никита Тертышный есеп ашты. Арада минут өтер-өтпесте «Барыстың» екі бірдей ойыншысы айдыннан қуылғанын команда капитаны Лукаш Седлак мүлт жібермеді – 2:0. Екінші таймда 35-минутта Л.Седлак есепті 3:0-ге жеткізді.

Үш минуттан кейін «Барыс» сапындағы швециялық легионер Якуб Берглунд мергендік танытты. Үшінші кезең басталысымен Антон Сагадев есепті 2:3-ке дейін қысқартып, «Барысқа» үміт сыйлады. Алайда матч соңында Теэму Пулккиненге қонақтардың бос қалған қақпасын көздеу қиындыққа түскен жоқ – 4:2.

Юрий Михайлистің шәкірттері келесі кездесуін 27 желтоқсан күні елордада негізгі қарсыластарының бірі, Шығыс конференциясында 9-орындағы «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді.

Бөлісу:
«Барыс» «Трактор» командасынан ұтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар